Жұмыс орындары

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, Министерліктер үйі 1 «В» кіреберісі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-90-28, 74-98-92.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, №61А ғимарат, телефоны 8 (7172) 31-59-57

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру, сонын ішінде мемлекеттің күзетілетін тұлғаларының тұратын, тамақтанатын және баратын объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын қамтамасыз ету, елдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сапарлармен келетін шетел мемлекеттері мен Үкіметтерінің  күзетілетін тұлғаларының қатысуымен жүргізілетін іс-шаралардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жүзеге асыру, тіршілік ету ортасы объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, азаматтардың денсаулығына әсер етуіне кешенді бағалау жүргізу, адам денсаулығына әсер ететін тамақ өнімдерінің, су, ауа ортасының, топырақтың, құрылыс материалдарының, полимерлік және әр түрлі мақсаттағы басқа да өнімнің, физикалық, радиологиялық және өзге де факторлардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жүзеге асыру, тіркелген контингент арасында жұқпалы паразиттік аурулардың және уланулардың туындау себептері мен жағдайларына тексеру жүргізу.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1) санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;

2) бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе мамандығы бойынша ғылыми дәрежесінің болуы;

3) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе  денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық  қызметінде  кемінде 5 жыл  тәжірибесінің бар болуы;

4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;

Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы  өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазалған түйіндеме;

3) еркін түрде жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі, біліктілік санаты жөнінде сертификатының көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтарының көшірмелері;

6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атағын беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

Құжаттар, хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынулуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, Министерліктер үйі 1 «В» кіреберісі, 304-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-90-28, 74-98-92.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында әңгімелесуден өтеді.