«?аза?стан Республикасы Президентіні? Іс бас?армасы Медициналы? орталы?ыны? «Санитарлы?-эпидемиологиялы? сараптама орталы?ы» шаруашылы? ж?ргізу ???ы?ында?ы республикалы? мемлекеттік к?сіпорыны

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

Миссиясы:

         Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Парламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұратын орта объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің жоғары деңгейіне жету.

Мақсаттары:

         Тұратын орта объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу саласында әлемдік стандарттардың деңгейіне жету.

Даму перспективаларының міндеттері:

1. Санэпидсараптама Орталығының жаңа өндірістік-зертханалық корпусын салу арқылы қолда бар өндірістік аумақтарды кеңейту.

         2. Халықаралық стандарттарға сәйкес нақтылығы жоғары құралдар мен аспаптар арқылы Санэпидсараптама Орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту.

         3. Тұратын орта объектілеріне сараптама жасау үшін зертханалық зерттеулердің жаңа әрі сұранысқа ие әдіс тәсілдерін енгізу.

         4. ИСО/ХЭК 17025-2007 сертификатын растайтын инспекциялық тексерулерді уақытылы өтіп тұру.

Марапаттаулар мен сертификаттар:

Қазақстан Республикасы техникалық реттеу жүйесінде ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025-2007 талаптарына сәйкес аккредиттелген, санитарлық-химиялық, санитарлық-бактериологиялық және клинико-диагностикалық зерттеулер жүргізуге рұқсат берілген.

2012 жылы халықаралық біріккен ILAK MRA № 03-46/36 (Халықаралық зертханаларды аккредиттеу Ассоциациясы) белгісі берілді. Халықаралық белгіні алу - зертханалық зерттеулер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Берілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері ILAK жүйесінің құрамына кіретін әлемнің барлық елдерінде мойындалады.

2013 жылы Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің атомдық энергия Комитетінің № 13017762 мемлекеттік сертификаты берілді.

2013 жылы Статистикалық зерттеулердің ғылыми-ақпараттық орталығы мен бизнес-рейтингтер Одағы 2011-2012 жылғы статистиканың ең үздік әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер бойынша «2013 жылғы сала көшбасшысы» Ұлттық сертификаты берілді.

Тарихы:

Санэпидсараптама орталығы өз тарихын 2004 жылдың қаңтар айынан бері жеке кәсіпорын ретінде жүргізіп келеді және бір кездері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының ортақ бөлімшесі болған зертханалық бөлімнің  жалғастырушысы болып табылады.

Қызметтердің тізбесі:

Санэпидсараптама орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жүргізеді және Медициналық орталықтың санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірге (бұдан әрі – СЭҚБ) Қазақстан Республикасына ресми іссапармен келген шетелдік мемлекет басшыларының, Үкімет басшыларының және күзетілетін тұлғалардың шетелдерге, республика аймақтарына іссапарларының, күзетілетін тұлғалардың қатысуымен жүргізелетін шаралардың медициналық қауіпсіздігін, санитарлық – эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етеді.

         Санэпидсараптама орталығы тұратын ортаның бактериологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық зерттеулерін және физикалық өлшем факторларын (ионды және электромагниттік сәуле тарату, шу, жарықтандыру, микроклимат) Қазақстан Республикасының стандарттарына, ТМД елдері арасында қабылданған және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізеді.