Поиск по сайту
Біздің ағзамыздың 60% судан тұрады. Организмдегі судың тепе-теңдігін сақтау үшін біз күн сайын су ішеміз. Сусындардың құрамында судан басқа, біздің денемізге әсер ететін басқа да заттар бар. Бұл әсер белгілі бір сусынды тұтынудың жүйелілігі мен көлеміне байланысты оң немесе теріс болуы мүмкін.
Ересек адамға газдалған судың аз мөлшерде зиян тигізбейді. Бірақ тәтті газдалған судың көп мөлшері денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.
Мәселе, газдалған алкогольсіз сусындар адам денсаулығына теріс әсер етеді. Оның құрамына кіретіндер:
Олар адам денсаулығына қалай әсер етеді?
Адамды кекіртеді, ішті кептіреді, газдар бөлінеді.
Балалар мен ересектерде семіздік , қант диабеті және атеросклерозды тудырады
Олар әртүрлі аллергиялық реакцияларды тудырады, тіс эмалын бұзады, ал ол өз кезігінде кариеске әкеледі
Жүйке жүйесінің сарқылуына ықпал етеді, жүрекке жүктемені арттырады
Негізгі консерванттар – бұл бүйрек тастарының пайда болуына ықпал ететін, қатты аллергия тудыратын, сүйектерден кальцийді жуып, тіс эмальына әсер ететін лимон немесе ортофосфор қышқылы.
Газдалған сусындарды үнемі және жиі қолданған кезде ас қорыту жүйесінің аурулары пайда болады.
Тәтті газдалған сусындар ұйқы безінің қатерлі ісігін тудырады, жүрекке жүктемені арттырып, эмальды бұзады.
Мұндай сусындардан адамның пайда табуы екіталай.
Сусынды таңдаған кезде, жапсырмасын мұқият оқып шығуға ерінбеңіз, онда ингредиенттер көрсетілуі керек. Табиғи негізде жасалған сусындарды таңдағаныңыз жөн болады.